jasqazaq.kz

Әкім Досаев мәйіттер табылып, нашақорлар жиналатын үйді бұзуды тапсырды

08 желтоқсан 2022, 16:26

Алматы әкімі Ерболат Досаев алты жыл бұрын өртеніп кеткен үйді сүруді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде 2016 жылдың қазанында өртеніп кеткен қаңырап бос тұрған үй туралы айтылды. Тұрғындардың айтуынша, ол жерде қоқыс орны пайда болып, үй-күйсіз жүргендер түнеп, нашақорлар жиналатын болған. Олар бұл аумақтан бірнеше рет мәйіт шығарылғанын және 12 рет өрт шыққанын айтты.

Әкім қарамағындағылардан нысан кімнің балансында тұрғанын сұрады. Ол Алматы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорнына тиесілі болып шықты.

«Бұған дейін бұл жерге инвесторлар іздестіру жұмыстары жүргізілген еді. Қазір аудан әкімімен келісім болса…» – деп КҚК өкілі жауап бере бастады.

Досаев оны тоқтатып, дереу нысанды бұзуды қолға алуды тапсырды.

«КҚК есебінен өздерің бұзуларың керек. Қаражат бар ғой? Бұзыңдар, сосын инвестор іздеңдер», — деді әкім.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде