jasqazaq.kz

Әкім 800 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

10 қараша 2018, 13:06

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовты ұстады деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

«9 қарашада Шығыс Қазақстан облысындағы ҰҚК департаменті ШҚО Жарма ауданы әкімін «Л» есімді азаматтан 800 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстады. Ол осы ақша үшін кәсіпкерге жер телімін ұзақмерзімді жалға алу құжаттарын қайта рәсімдеу мәселесін шешіп беремін деп уәде берген», – дейді Комитет өкілдері.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нұрлан Сыдықов уақытша қамау изоляторына жабылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде