jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Нигерия азаматы Қазақстанға экстрадицияланады

22 маусым 2022, 11:45

Ішкі істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты Нигерия азаматын Қазақстанға экстрадицияланатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.

Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процестік шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды», — деді ІІМ-нің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғаны туралы айтқан болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр