jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қазір не болып жатыр?

29 шiлде 2018, 20:52

Қытайда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша сот кеңес бөлмесіне кетті. Бұл туралы қазақстандықтың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Менің 17-20.07 аралығындағы Бейжіңге сапарым бірінші кезекте А.Тұрлыбайдың жағдайымен байланысты болды. Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі қазір не болып жатыр? Айтайын, қазір іс үкімді жариялау сатысында тұр. Сот (жаңа құрамдағы) осыдан кейін оны жариялау үшін кеңес бөлмесіне кетті. А.Тұрлыбайдың жағдайы бұрынғыдай, қанағаттанарлық», — деп жазды Нұрмағамбетов Instagram парақшасында. Еске сала кетейік, қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында ұсталған еді. Кейін оны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Біраз уақыттан кейін сот үкімі жойылып, іс қайта қарауға жолданды. Ақжарқын Тұрлыбай сот үкімін бір жылдан бері күтіп отыр. Маусымда қазақстандық дипломаттар Қытайда сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың колонияда йога мен ағылшын тілін үйретіп жүргенін хабарлады.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді