jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанда қандай жаза күтіп тұр?

08 қыркүйек 2020, 15:09

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанда жазасын өтеу туралы өтінішті әлі бермегенін айтты.

Біздің ақпаратымыз бойынша, оның үкімі заңды күшіне енді. Біздің Қытай Халық Республикасымен сотталған азаматтарымызды беру туралы екіжақты келісімшартымыз бар. Бірінші шарт – оның жазасын Қазақстан Республикасында өтегісі келетіні туралы жазбаша өтініші болуы керек, — деді Ахметжанов.
Егер Тұрлыбай өтініш берсе, ратификацияланған Шартқа сәйкес, ол қарастырылады және ҚХР прокуратурасының қарауына жіберіледі.

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бізде қандай жаза қарастырылғанын көреміз. Бірақ айта кету керек, 297 бап – бұл есірткі сату мен тасымалдау, бізде де бұл бап бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген. Егер оның қылмысы Шарттың талаптарында көрсетілген болса, менің ойымша, барлық материалдарды зерттеп, оны жазасын Қазақстанда өтеу үшін елімізге экстрадициялауға толық мүмкіндігіміз бар, — деп түсіндірді бас прокурордың орынбасары.
Сонымен бірге, спикер Ақжарқыннан әзірге ондай өтініш түспегенін атап өтті.

Бас прокуратураға әзірге ондай хат келген жоқ. Оның қорғаушылары бар, өзі бар, ҚХР-да біздің консулдық пен елшілік бар. Яғни, енді бізге ресми өтініш келсе, осы бағыттағы жұмысты бастаймыз деп ойлаймын, — деді Ахметжанов.
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Өткен жылдың соңында іс Гуанчжоу сотында қайта қаралып, үкім өзгеріссіз қалдырылған болатын.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде