jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбай жазасын елімізде өтеуі мүмкін

11 наурыз 2020, 12:36


ҚР мен ҚХР мемлекеттерінің құзырлы органдары бір келісімге келген жағдайда Қытайда сотты болған Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өз елінде өтеуі мүмкін.
«Бізде Қытай Халық Республикасымен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерді ұстап беру және экстрадициялау бойынша келісім бар. Қазіргі таңда тарап (Ақжарқын Тұрлыбай) сот үкіміне шағым (яғни апелляция) беріп отыр. Егер сот үкімі шығып күшіне енсе, онда Ақжарқын Тұрлыбай осыдан кейін Қазақстанға өтініш бере алады. Бұл жағдайда ҚР мен ҚХР елдерінің Бас прокуратуралары Ақжарқынның жазасын Қазақстанда өтей алатындай бағытта жұмыс жүргіземіз», — деді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында сотталғандарды өзара тапсыру тәжірибесі болған. «ҚХР сотының түпкілікті шешімі шыққаннан кейін үкім заңды күшіне енуі тиіс. Осыдан соң біз ҚХР-мен өзара келісімге сәйкес қарым-қатынастар аясында жұмыс жүргіземіз. Жалпы халықаралық шарттарда бас тарту негіздері көрсетілген. Егер ол босқын немесе саяси себеп болса, онда одан бас тартуға болады. Ал егер санатқа жатпаса, онда екі жақтың шешімімен елге қайтаруға толық мүмкіндік бар», — деді ол.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде