jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?

06 маусым 2018, 16:56

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай қытайларға ағылшын тілін үйретіп жүр, деп хабарлайды Sputnik.

Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қызметкері 22 мамырда Тұрлыбаймен кездесіп қайтты. Айтуынша, отандасымыздың денсаулығына, түрменің тамағы мен тұру шарттарына ешқандай шағымы жоқ.

«Ол өзін жақсы сезінеді. Түрмеде отырған уақытында қытай тілін жақсы меңгеріп алды, қазір қытайларға ағылшын тілін үйретіп жүр. Дене шынықтырумен айналысады. Елшіліктің консулдық қызметкерлері онымен үнемі байланыста, қажетті көмек көрсетіп жатыр. Қалаған кезде кітаптар апарып, жеке қолдануға қажетті заттарды сатып алу үшін ақша аударады (мекеменің есепшотына)», — делінген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Айта кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында есірткі тасымалдады деген күдікпен Гуанчжоу қаласының әуежайында ұсталған болатын. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болды. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

Кейін апелляциялық инстанция соты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкімді жойды.

2016 жылдың қарашасында Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық тыңдау өтті.

Ақжарқын Тұрлыбайдың апелляциялық алқа шешімін күтіп жүргеніне бір жарым жыл болды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді