jasqazaq.kz

Ақжарқын Тұрлыбай елімізге қайтарылуы мүмкін

14 желтоқсан 2017, 17:37

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үмітте. Бұл туралы бүгін СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі естеріңізде шығар. Консулдық қызметтің, елшіліктің көмегімен бүгінгі күні Қазақстан азаматы Тұрлыбайдың ісі қайта қаралып, жоғары инстанцияға апелляция беріліп, Қытайдың сот органдарымен келіссөздер жүргізілді. Біз аталған іс оң шешім табады деген ойдамыз. Тұрлыбайды елге қайтарамыз деген үміт бар», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай осыдан үш жыл бұрын Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Әлдебір таныстарының өтінішімен Малайзияға тауар жеткізуге кеткен қыздың сөмкесінен есірткі шыққан. Кейін қазақстандық бойжеткен есірткі тасымалдағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

sputniknews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды