jasqazaq.kz

Ақжайық шағынауданына кәріз жүйесі тартылуда

17 маусым 2022, 15:44

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Ақжайық шағынауданын инжинерлі-инфрақұрылыммен қамту барысын тексерді. Қазір мұнда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде.

Сметалық жобаға сәйкес, ұзындығы 22,1 шақырым кәріз жүйесі салынып, ол үшін бюджеттен 686,1 млн теңге қаралып отыр. Құрылысы биыл басталған нысанда қазір жұмыстың 10 (2,5шқ) пайызы орындалған. Жұмысты аяқтау мерзімі 2023 жылдың тамызына жоспарланған. Пайдалануға берілгенде шағынаудандағы 4200 үй кәріз жүйесіне қосылады. Жаңа кәріз жүйесін шағынаудан халқымен бірге кәсіпорындар, мектеп пен балабақшалар да пайдаланады.

Ақжайық шағынауданында 35 көпқабатты, қалғаны жеке тұрғын үйлер.Ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтылған. Қазір онда 3 мектеп пен 12 балабақша бар.

Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

Шағынауданда осы жылы 13 көше орташа жөндеуден өтпек. Атап айтқанда Жағатай көшесінің жалғасы, Оразбай ата, Бетеге жалғасы, Жағатай көшесінің жалғасындағы атауы жоқ көше, №12 көше, Сарбаз көшелеріне асфальт төселеді.

Жоспарға сәйкес, жыл сайын орташа жөндеу жұмыстары қаланың орталық көшелері ғана емес, ауданның ішкі орамдық көшелері де қамтылады. Бүгінде жоспарланған 308 көшенің 145 көшесі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, бүгінге дейін Ақжайықта 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.

Шымкент қаласында 81 елді мекеннің 19-ы кәріз жүйесімен қамтылған. Қалған аймақтарды қамту жұмысы кезең-кезіңмен атқарылуда. Биыл қаладағы 9 нысанда құрылыс жұмысы басталған. Соның ішінде 3 магистралдық коллекторының 6 ішкі орамдық жүйесі бар.

Өткен жылы қалада «Тұран» сорғы станциясы және Самал-1 мен Наурыз шағын ауданыдарының ішкі жүйелірінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 52,3%-дан 54%-ға өскен болатын.

Биыл шағынаудандарға кәріз жүйесін жеткізу үшін 14 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Оның 2-і магистралды кәріз коллекторы, біреуі кәріз сорғы станция (КНС) және 11 нысан елді мекендердің ішкі орамдық жүйесі. Жыл соңына дейін 6 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 54%-дан, 60%-ға өседі.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр