jasqazaq.kz

Ақылы жолдардан жыл сайын 30 миллиард теңге түседі деп жоспарлануда

31 қазан 2017, 13:19

Биылдан бастап елімізде бірнеше авожол ақылы негізде жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар 2020 жылға дейін бұл жолдардың саны 16-ға дейін жетеді. Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды, jasqazaq.kz тiлшiсi.

«Өздерiңiзге белгілі, аталған жүйе 2013 жылдан бері Астана-Щучье учаскесінде ойдағыдай қызмет етiп жатыр. Одан жыл сайын 1,2 миллиард теңге қаржы жинақталады, бұл қаражат аталған жолды күтіп-ұстауға кететін барлық шығындарды өтейді. Биыл жылына 3,9 миллиард теңге жинақталатын, жалпы ұзақтығы 469 шақырымды құрайтын Алматы-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас учаскелерінде төлемақы алу жүйесін енгізу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, жалпы ұзақтығы 5,5 мың шақырымды құрайтын 13 учаскеде төлемақы алу жүйесін жобалау бойынша жұмыстар аяқталып қалды. Жалпы, 2020 жылға дейін төлемақы алу жүйесін 16 учаскеде енгізу жоспарланып отыр», – дедi Жеңіс Қасымбек.

Министрліктің дерегіне қарағанда 2020 жылдары ақылы негіздегі 17 жолдан түсетін жыл сайынғы табыс 30 миллиард теңген құрайтын көрінеді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде