jasqazaq.kz

Ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалады?

24 қыркүйек 2020, 21:31

«QazAvtoJol» ақылы жолдан түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қаражат ақылы жолдарды ұстауға кетеді. Жол — жыл бойы демалыссыз жұмыс істейді. Ақылы жолдарға төленетін ақша қыста ақылы жолды тазартуға, қар жинайтын құрылымдарды орнатуға, қосымша қарауға және күзетуге жұмсалады. Көктемде су тасқыны байланысты жұмыстарға, су өткізгіштерді тазарту жұмыстарына жұмсалады. Жаз мезгілінде жол белгілерін қолдану, жол белгілерін ауыстыру, қоқыстарды жинау, демалыс орындарын тазарту және басқа жұмыстарға жұмсалады», — дейді «QazAvtoJol» ҰҚ» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының директоры Марат Сүлейменов Instagram әлеуметтік желісіндегі @kazautozhol парақшасының тікелей эфирінде.

Ол балама жолдарға қатысты сұрақтарға да жауап берді.

«Жолдар туралы» заңның 5-бабына сәйкес, кез келген қолданыстағы баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен ақылы жолдың басталу және аяқталу нүктелері көрсетілуі керек. Осылайша, Заңда баламалы жол болмаған жағдайда ақылы негізде жолды пайдалануға шектеулер қарастырылмаған. Алайда қолданыстағы төрт ақылы учаскеде баламалы жолдар бар», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия