jasqazaq.kz

Ақылы жол бойында бұзылған көліктер тегін эвакуацияланады

03 наурыз 2022, 16:30

Ақылы жол бойында бұзылған көлікті эвакуатор баратын жеріне дейін тегін жеткізіп береді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Сәкен Әділбеков БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында мәлім етті.

«Егер сіздің көлігіңіз ақылы жол бойында бұзылып қалған жағдайда, біз оны бара жатқан жеріңізге тегін жеткізіп беретін боламыз. Яғни ақысыз эвакуациялаймыз. Бұл мәселе қазір қаралып жатыр. Аталған шара жоспар бойынша биыл іске қосылмақ. Қосымша хабар беріледі. Негізі жолда бұзылып қалған немесе жол-көлік оқиғасына тап болған көліктерді эвакуациялау бұған дейін де бар қызмет. Оқыс оқиға болған жағдайда біздің мамандар үнемі қол ұшын созады», — деді Сәкен Әділбеков тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

Одан бөлек, ұлттық компания өкілі қолайсыз ауа райы туралы ескертуге құлақ аспай, жолға шыққан көлік иелеріне айыппұл салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Неге? Себебі біз үшін бастысы адамның қауіпсіздігі. Жолаушылардың өмір қауіпсіздігі бірінші кезекті. Сондықтан жолға шығар алдында ауа райына мән беріп, қолайсыз болған жағдайда сапардан бас тартуға кеңес береміз. Егер аталған шара заң аясында қабылданып жатса құба-құп қолдаймыз», — дейді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде