jasqazaq.kz

«Ақылды жәшік»

13 ақпан 2021, 12:00

Назарбаев зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Арман Нұрышев тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған «ақылды жәшік» ойлап тапты. Адам қоқыс жәшігіне жақындаған кезде, қақпағы өздігінен ашылады. Қоқыс тола бастағанда, коммуналдық компанияға белгі беріледі.

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлағандай, петропавлдық оқушының «ақылды жәшік» жасауына көшедегі қоқыс жәшігінің маңайында шашылып жататын тұрмыстық қалдықтар себеп болыпты.

Жас өнертапқыш: «Айналасы қоқысқа толып, шашылып жатқан қалдықтарды көргенде, қоқыс жәшігіне қақпақ қойса, дұрыс болар еді деген ой келді. Біз жасаған жәшік адам жақындағанда ультрадыбыстық сенсор көмегімен ашылады. Ол арнайы қуат көзіне жалғанады. Жәшік неғұрлым үлкен болса, қуат көзін соғұрлым көбірек қажет етеді. Қоқыс салынғаннан кейін қақпақ өздігінен жабылады. Ештеңені ұстаудың, ашып-жабудың қажеті жоқ. Өте ыңғайлы. Идеяны жүзеге асыру үшін бірнеше апта бойы сызба жасадық. Аккумулятор, ультрадыбыстық құрылғыларды орнату қажет болды. Содан бүкіл бөлшектерді жинап, мақсатымызға қол жеткіздік», – дейді.
Жоба авторларының айтуынша, ақылды жәшікті жасау үшін пластик пайдалану көзделген. Оларды мектепте, кеңседе және көшеде орнатуға болады. Жоба жетекшісі Виталий Мельников: «Жәшіктің толғанын қадағалайтын жүйе орнатамыз. Ол үшін арнайы модуль жасалады. Барлығын мобильдік қосымша арқылы бақылауға болады. Бұл коммуналдық мекеме қызметкер­лерінің уақыты мен күшін үнемдейді. Өйткені олар қоқысты арнайы белгі берілген сәтте ғана әкете алады. «Ақылды жәшік» бағдарламасын Арман өзі ойлап тапты», – дейді.
Жоба авторлары «ақылды жәшікті» шынайы өмірде қолданысқа енгізуді армандайды. Олар мұнымен тоқтамай, жобаны әрі қарай дамытуды көздеп отыр.

Мақпал Ноғайбаева

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты