jasqazaq.kz

Ақыл-есі кем балаларды тағы екі қызметкер азаптаған

14 қыркүйек 2020, 22:34

Ақыл-есі кем балаларды азаптағандарды жазалау әлі жалғасып жатыр. Павлодарда жүйке жүйесінде ауытқуы барларды емдейтін орталықтың тағы екі қызметкері жауапқа тартылды. Бірақ екі маманның жеткіншектерді қинап, төсекке байлап ұйықтатқаны расталса да, тек бас бостандығын шектеу жазасымен құтылды. Өйткені екі тарап арасында келісім болған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Гүлсім Ахтаева, Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы:

— Қала прокуроры мен күдіктілер арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалды. Сот үкімімен Павлодар қаласының психоневрологиялық орталық қызметкерлері кәмелетке толмағандарды азаптап, үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазсына тартылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Орталық қызметкерлеріне қатысты сот процесі жабық жағдайда өтті. Екеуі де кінәсін мойындаған. Жалпы, адам қорлау дерегімен 16 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұған дейін бес санитар үш жарым жылға шартты мерзімге сотталған. Тағы 9 қызметкердің ісі сот қарауында жатыр. Ақыл-ойында ауытқуы бар жеткіншектерді азаптауға қатысты жантүршігерлік дерек осы жылдың мамыр айында анықталған. Оны прокурорлар бақылау камерасын тексеру арқылы әшкерлеген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық