
Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды.Бұл туралы «QazAvtoJol» ұлттық компаниясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған.
Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан — Петропавл» (18-231 шақырымы), «Нұр-Сұлтан — Қорғалжын» (19-180 шақырымы), «Нұр-Сұлтан — Ерейментау — Шідерті» (16-200 және 200-242 шақырымы), «Екатеринбург — Алматы» (1006-1247 және 1291-1353 шақырымдары), «Нұр-Сұлтан — Қабанбай батыр — Киевка — Теміртау» (51-102 шақырымы), «Қызылорда — Павлодар» (1135-1250 және 1066-1135 шақырымдары) және «Нұр-Сұлтан — Қарағанды» тасжолдары жабылды.
Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.