jasqazaq.kz

«Ақтөбемұнайгаз» АҚ тендер өткізгенде адал бәсеке қағидаларын бұзған

22 қазан 2021, 16:54

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ әрекеттерінде жосықсыз бәсекелестік белгілері байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департаментке өтініш келіп түсті. Онда «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құбыр сатып алу кезінде өзінің конкурстық құжаттамасында құбыр өнімдерін нақты жеткізушіден сатып алуды көздейтін техникалық шектеулерді көрсетеді, сол арқылы адал бәсекелестік қағидаттарын бұзады және жеткізушілердің кең тобының конкурсқа қатысуға қолжетімділігін шектейді делінген. Монополияға қарсы департамент өтінішті зерделеу және онымен жұмыс істеу барысында баяндалған мәліметтердің дұрыстығын анықтады.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құбырларын сатып алу ерекшелігінде көрсетілген құбыр өнімдерінің техникалық сипаттамалары тендерге CNPC тобына кіретін бір ғана компанияның қатысуына мүмкіндік берді. Осылайша, адал бәсекелестік қағидаттары бұзылып, өнім берушілердің кең ауқымының конкурсқа қатысуға қолжетімділігі шектелді. Жосықсыз бәсекенің анықталған белгілері негізінде Ақтөбе облысы бойынша монополияға қарсы департамент оларды жою бойынша шара қабылдау үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ атына хабарлама шығарды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш жасады, алайда хабарламаны орындау үшін қосымша уақыт талап етілмегендіктен, өтінішхаттан бас тартылды. Нәтижесінде монополияға қарсы органның хабарламасы толық көлемде орындалды, оның ішінде құбыр сатып алуға тендердің күші жойылды.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр