jasqazaq.kz

Ақтөбеліктер үш күнде бір рет дүкенге бара алады

18 сәуiр 2020, 18:33

#үйдеотыр

Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы жедел штабтың мәліметінше, тұрғындар үш күнде бір рет азық-түлік дүкеніне бара алады.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Ақтөбеде вирус жұқтырғандар саны 27-ге жетті. Коронавирус инфекциясының одан әрі өршуіне жол бермеу үшін карантин режимі күшейтіліп, қатаң шектеу шаралары қолданылады. «Отбасында бір адам үш күнде бір рет жақын маңдағы дүкенге немесе супермаркетке, дәріханаға баруы керек. Қала ішінде жұмыс кестесі мен қызмет орны көрсетілген анықтамасы бар жұмыс істейтін адамдарды қоспағанда, тұрғындардың жеке көлігімен жүруіне тыйым салынады. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізу, үйіне тасымалдауды ұйымдастыруы қажет. Егер дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы сияқты тұмау мен суық тиюдің белгілері анықталған жағдайда, үйден өз бетінше ем қабылдамай, тез арада жедел жәрдем қызметін шақырыңыз», — деп хабарлады облыстық Жедел штаб.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі