jasqazaq.kz

Ақтөбелік жатақханаға «бомба» қойды

10 маусым 2020, 12:31


Ақтөбе қаласының тұрғыны жатақханаға жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратқаны үшін ұсталды.
Ақтөбе қалалық полиция бөліміне ер адам хабарласып, Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің біріне «бомба» қойылғаны туралы айтты. Оқиға орнына жедел тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді. Жарылғыш зат табылмады. «Жедел іздестіру барысында бұрын сотталған, сол үйдің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Мас күйінде хабар берген. Оның айтуынша, бұл ақпаратты тәртіп сақшыларының жұмысын тексеру үшін ойдан шығарған. Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.

 ҚазАқпарат 

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді