jasqazaq.kz

Ақтөбелік шаруалар аштық жарияламақ (видео)

24 маусым 2020, 23:05

Ақтөбелік шаруалар аштық жарияламақ. Мал шаруашылығын кәсіп еткен олар Татарстан компаниясына алданып қалған. Бүгін кәсіпкерлер алаңға жиналып, жауапты министрліктен көмек сұрады. Айтуларынша екі жыл бұрын, асыл тұқымды ірі қара алмақ болып миллиондаған ақшаны шетелдіктерге аударып жіберген. Бірақ әлі күнге дейін малға да, ақшаға да қол жеткізе алмай келеді. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Мына кадрдағы кәсіпкер Қайрат Жакешов. Ол кешеден бері нәр татпаған. Отадан шыққанын айтқан шаруа қазір үйінде отырып осындай бейнеүндеу жолдапты. Ал басқа кәсіпкерлер оны қолдап, алаңға шықты. Нұрлан Әлімбетов «Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды мал алу үшін 58 миллион теңге несие алған. Сол ақшасын Татарстанның «Комагро» компаниясына аударып, оңбай алдандым дейді.

Нұрлан ӘЛІМБЕТОВ, КӘСІПКЕР:

Татарстанға ақшамызды аударғанбыз алаяқ енді ақша жоқ, не мал жоқ. Осы күнге шейін. Нац банк малды әкелмеген үшін 4,5 млн бізді штрафтады. Енді шоттардың барлығы арестте. Ешқандай жұмыс жасай алмай отырмыз. Қалай төлейміз.

Жалпы, аймақта дәл осылай опық жеген 5 шаруа қожалығы бар. Сол кезде нодулярлы дерматит ауруынан қорыққаннан шенділер, елге тек жақын шетелден мал әкелуге рұқсат берген. Әрі бұл компанияны министрлік таңдап беріпті.

Александр МАНДРЫКИН, «АҚТӨБЕ» ФЕРМЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Біздің фермерлердің қазір түгі жоқ. Несін береді. Өйткені ол кезде барлық елдер жабық болды. Белгілі бір схемамен әрекет етіп, осы операторды өздері таңдап берді. Ақыр аяғы енді шаруалар зардап шегіп отыр.

Руслан СҮЙІНШАЛИН, КӘСІПКЕР:

Біздің 771 млн теңгеміз Татарстанның «Камагро» компаниясына кетті. Бізде не малсыз не ақшасыз қалдық. Біздерде аштық жариялаудан басқа амалымыз жоқ.

Шенділер бұл мәселеден хабардар. Қазір Татарстан компаниясына қатысты алаяқтық бабымен биыл қаңтарда іс қозғалған. Ал, шаруалардың несие шарттарын қайта қарап, жеңілдіктер жасап жатқандарын айтты.

Жандар ОМАРОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

1-шілдеге дейін үстемақыны тоқтатқанбыз, яғни процент төлеп жатқан жоқ, несиеге. Ары қарай бұл мәселені шешу үшін сотқа беріп, соттың шешімімен мүлдем пайызын тоқтатып әрі қарай қаражатты қайтаруды 2024-ші жылға дейін созамыз деп ойлап отырмыз. Ол уақытқа дейін КамАгроның мәселесі шешілу керек.

Министрліктің дерегінше аталған татарстандық компанияға республика бойынша 16 шаруа қожалығы ақша аударған. Шамамен 1300-ге жуық асыл тұқымды ірі қара келуі тиіс еді. Оның жартысы келген, бірақ келген малдың өзі асыл тұқымды болмай шыққан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия