jasqazaq.kz

Ақтөбелік оқушылар сөйлейтін қолғап ойлап тапты (видео)

21 шiлде 2018, 17:17

Ақтөбелік жас өнертапқыштар сөйлейтін қолғап жасап шығарды. Ғажайып бұйым түрлі түсті сымдармен және заманауи құрылғылармен толықтырылған.

Арнайы сенсорлар ымдау тілін «Bluetooth» арқылы телефон бетіне түсіреді. Бұл тілінің мүкістігі бар адамдар үшін таптырмас көмекші құрал болмақ. Әзірге оқушылар қолғапқа тек отызға жуық сөзді жүктеген. Яғни ишарат арқылы бұл сөздерді ағылшын тілінде жеткізеді. Қазақшаға аудару да қиын емес. Бастысы, соңғы үлгідегі компьютерлердің бірі қажет. Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары жасаған қолғап Якутияда өткен халықаралық ғылыми конференцияда бас жүлдені иемденген. Жас өнертапқыштар бес мың АҚШ доллары болатын жүлде қорын жобаны одан әрі жетілдіруге жұмсамақ. Нұрдәулет Таумергенов, оқушы: – Ұтқан жүлдемізді жобаны одан әрі іске асыру үшін жұмсаймыз. Прототипті жақсартамыз және әртүрлі мезгілге арналған жылы қолғаптар жасаймыз. Әдемі дизайнға келтіреміз. Қыркүйекте мектепке келген кезде құқық пәнінің ұстаздарымен сөйлесіп, патент аламыз деп ойлаймыз.

24.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді