jasqazaq.kz

Ақтөбелік колледждер жетімдерге тиесілі шәкіртақыны бермей келген

18 қазан 2018, 17:57

Ақтөбе облыстық прокуратурасы орта арнаулы білім беру мекемелерін тексерді. Нәтижесінде 14 миллион теңгеге жуық қаржының негізсіз жұмсалғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас Прокуратураның тапсырмасымен облыстық прокуратура білім саласындағы бюджеттің мақсатты игерілуін тексерді. Орта арнаулы оқу орындарындағы мемлекеттік тапсырысты қараған прокурорлар бірнеше заңсыздықты анықтады. «Қызмет көрсету құнын негізсіз көтеріп, оқымайтын студенттерге ақша аударылғаны анықталды. Сонымен қатар, жетім балаларға тиесілі арнайы шәкіртақы берілмей келген. Барлығы 49 студентке өздеріне тиесілі 4,3 миллион теңге шәкіртақы аударылды. Сонымен қатар, студенттер мәжбүрлі түрде жұмысшылар кәсіподағына мүше болып, ай сайын жарнасын төлеп отырған. Колледждерді тексерген соң бюджетке 13,9 миллион теңге қайтарылды. 50 қызметкер тәртіптік жазаға тартылып, техникалық, кәсіптік оқу орнының 4 лицензиясы уақытша тоқтатылды»,- деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде