jasqazaq.kz

Ақтөбелік имам кез келген психологты «ұйықтатып» тастайтынын айтты

26 қазан 2017, 14:33

Мұғалжар ауданының Жұрын елдімекенінде имамдық қызметте жүрген Мұхаметқали Шүкірәлиев емшілікпен де айналысады. Айтуынша, айналасында мықты саудагерлер мен үлкен кәсіпкерлер көп. Бұл туралы aktobenews.kz хабарлады.

«Мені бір кәсіпкер үйіне шақырды. Жолы болмай, кәсібі жүрмейді екен. Бардым, үйінің бәрі айна. Түнде ұйықтап жатқанда кәсіпкерді жындар ұрғылап маза бермейді екен. Оның үйі «Олжа» гипермаркетінің қасында. Сол үйге барып құран оқығаннан кейін жындар басылып қалды. Оған дейін тағы біраз адамды қарадым. Жыннан қорықсаң саған жабыса береді. Осы жүргенде менен көмек сұрайтын саудагерлер көп. Олардан мен ештеңе сұрамаймын. «Мұнша бер» деп айтуға ұят. Менде арам ой жоқ»,—дейді Мұхаметқали Шүкірәлиев.

Ақтөбеде адам емдеумен айналысып жүрген имам жындарды да көзімен көргенін айтты.

«Менің жындарды көрген кезім болды. Ертеректе Заречный ауылында тұратын бір имам ажырасып жүрді. Екеуміз соның үйіне қонып жүрдік. Таң ата көзім ашылып кетті. Қарасам бір тобы келе жатыр. Бойы бір қарыс, шаштары үлкен. Көзімді ашам қашады. Жындардың мойнымды қылғындырып келген кездері болды. Қазір енді олар келмейді, рухани ұстазың болса олар саған келе алмайды. Бұрын емші болған, қазір психолог болып жасайтын жігіт бар. Құран оқығанда соның өзін «ұйықтатып» тастағанмын. Тұла бойының бәріне жын жабысқан екен. Бәрін алдым, қазір ол да маған әңгіме айта алмайды», —дейді имам.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде