jasqazaq.kz

Ақтөбелік дәрігер науқасқа қол көтерді (видео)

17 желтоқсан 2018, 13:02

Ақтөбелік дәрігерлер тағы да шулатты. Бұл жолы ақ халаттылар көмек сұрап барған тұрғынды ұрып жіберген. Бұл жағдай Instagram парақшасында жария болғаннан кейін белгілі болды деп жазады NUR.KZ.

«Ақерке деген дәрігер дөрекі сөйледі. Жүйке аурулар ауруханасынан дәрігер шақыратынын айтты. Күліп мазақ қылып отырды. Мен видеоға түсіре бастадым. Қасыма келіп бетімнен ұрды, құлап қалдым. Дәрігер қасындағы адамдарға телефонымды алып, видеоны өшір деп айтып жатты. Мен тағы да ұрмасын деп шашынан қысып ұстап алдым», — дейді өзін Эльмира Жетпісбаева деп таныстырған тұрғын.
Видеодан дәрігердің көмек сұрап барған науқасты сабырға шақырудың орнына жағдайды ушықтырып, күліп, тіпті, қол көтергенін де көруге болады. Видеоның астына пікір қалдырған тұрғындар дөрекі дәрігерді жұмыстан шығаруды талап етіп, денсаулық сақтау басқармасының жағдайды бақылауға алуын сұрап жатыр. Желіде тарап кеткен жағдайға байланысты денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі түсіндірді.

«14 желтоқсан күні 1995 жылғы тұрғын жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөліміне №1 ауруханадан жеткізілген. Науқас кезекші неврологтың тексеруінен өткен. Дәрігер науқаспен дұрыс қарым-қатынас жасамаған. Осы оқиға негізінде ауруханада ішкі тексеріс жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды бақылауға алды»,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Мен жетписбаева Эльмира 1 паленикадан судрга устап врачтар скори шакырган скори мени алып кетти. БСП га апарды сол кезде мы на Акерке деген врач болды.Мени кордин де мына кыз жакында жатып кетти деп дореки сойледи.Мени бар столга отыргызды.Мени психатор шакыртамын деп коркытты,кулип мазак кылып отырды. Мен видога тусире бастадым солкеде маган соткамды корди де сотканды ал деп айты мен жок деп едим касыма келде мени бетимнен катты урды мен кулап калдым соткамнын бети сындып калды Акерке касындагы адамдарга соткамын алып видоны ошир деп айтып жатыр екен мени тагы урмасын деп катты кысып шашынан уштап алдым

Публикация от ZELLO AKTOBE — OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде