jasqazaq.kz

Ақтөбелік әйел көршісінің атынан заңсыз 12 несие рәсімдеген

20 қыркүйек 2021, 17:00

Ақтөбеде көршісінің атынан заңсыз 12 несие рәсімдеген әйел сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сот үкіміне сәйкес, 31 жастағы қала тұрғыны алдағы үш жыл үш айын темір тордың арғы жағында өткізеді. Көршілер бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болғандықтан, жапа шегуші коммуналдық төлемдерді төлеу үшін жеке куәлігін әйелге артық ойсыз берген.

Көршісінің аңғалдығын пайдаланған заң бұзған әйел оның атынан жарты миллион теңгеге 12 несие рәсімдеген. Көрші әйел өзінің қарыз екенін микрокредиттік ұйымдардың қоңырауларынан кейін білген. Жәбірленуші несиелерді, сондай-ақ қосылған үстемақыларымен – 700 мың теңгеден астам соманы өзі төлеуге мәжбүр болады. Қылмыстық іс алаяқтық бабы бойынша қозғалды.

Зардап шеккендердің арасында тағы екі әйел бар. Сенімдеріне кірген қылмыскер бірінен несие рәсімдеуге көмектесемін деп, ал екіншісінен мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға қолғабыс боламын деп ақша алған. Бірақ өз сөзінде тұрмаған. Айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия