jasqazaq.kz

Ақтөбедегі шошқа фермасына ағын суды шығаруға тыйым салынды

17 ақпан 2021, 15:02

Ақтөбеде «Парижская коммуна-XXI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірнеше бөлігінде жұмыс уақытша тоқтады.

Ақтөбе облысының экономикалық сотында облыстық экология департаментінің талап арызы қаралды. Арызда «Парижская коммуна-XXI» ЖШС шаруашылық жүргізу қызметін тоқтату, қоршаған ортаға эмиссия рұқсатынан және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынан айыру туралы азаматтық істері қаралды.

Іс материалына сүйенсек, өткен жылдың желтоқсан айында Алға ауданы, Бестамақ ауылы тұрғындарының арызы негізінде облыстық экология департаменті тексеру жүргізді. Нәтижесінде өндірістік ағын сулардың жер бедеріне аққаны, тазарту құрылғыларының аумағында ЭКО Б-500 жабдығы және УФ зарарсыздандыру құдығының болмағаны анықталды.

Биологиялық қалдықтар қоймасының аумағы қоршалмаған. Қоршаған ортаны қорғайтын бетон құдық жоқ. Сонымен бірге шошқа саны ферма қуатынан асып түсті. Яғни, жобаға сәйкес 40 000 бас болуы қажет. 2018 жылы мал саны — 50 615, 2019 жылы — 51 095, 2020 жылы — 51 978 бас болған.

«Серіктестік мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысындағы талаптарды сақтамаған. Сот шешімімен облыстық экологиялық департаменттің талаптары қанағаттандырылды. Өндірістік ағын суларды сақтау қоймаларына және жер бедеріне жіберу, биологиялық қалдықтарды сақтау қоймасын пайдалану бөлігіндегі бұзушылықтар қалпына келгенге дейін фермадағы жұмыс уақытша тоқтатылды. Сонымен бірге жауапкер қоршаған ортаға эмиссия рұқсатынан айырылды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жойылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде