jasqazaq.kz

Ақтөбедегі шахтада жарылыс болды

15 қазан 2018, 11:34


Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатында жарылыс болып, бір адам ауруханаға түсті.

ҚазАқпарат  жазғандай, Дөң кен байыту комбинатындағы жарылыс туралы облыстық еңбек инспекция басқармасы хабарлады. Қазіргі кезде инспекторлар жарылыстың себебін анықтауда. Ал сол кезде жұмыста болған 42 жастағы Мейрамбек Кенжеғалиев қазір аудандық ауруханада жатыр. Санавиация шақырылып, тиісті көмек көрсетілді. Алдағы уақытта науқас облыс орталығына жеткізілуі мүмкін. «12 қазан күні сағат 1:00-де Дөң кен байыту комбинатындағы шахтада жарыс жасаушы болып жұмыс істейтін 42 жастағы азамат ауруханаға ес-түзсіз жансақтау бөліміне түсті. Көптеген дене жарақтарын алған, кеннің астында қалып, кеуде тұсы қысылған. Қазір жағдайы бірқалыпты ауыр, есін жиды. Травматолог, нейрохирург дәрігерлер қарады. Облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізу жоспарланып отыр»,- деді аудандық аурухананың бас дәрігері Жолдасбек Қамбаров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде