jasqazaq.kz

Ақтөбедегі Елек өзені жағасынан екі адамның денесі табылды, екеуінде де қинау белгілері бар

27 қазан 2022, 14:50

Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещановтың хабарлауынша, кеше сағат 20:14-те қалалық полиция бөлімі жедел басқару орталығына ақпарат түсті. Онда Кеңес Нокин даңғылы бойында орналасқан «Оазис» монша кешеніне қарсы беттегі Елек өзенінің жағасында белгісіз адамдардың денесі табылғаны айтылды.

«Келіп түскен ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына облыс прокуроры мен жедел тергеу тобы барды. Ағаштар арасынан 1991 жылы туған А. Көшкімбаев және 1995 жылы туған С. Тулеуовтың денесі табылды. Екеуін де қинап өлтіргенін дәлелдейтін белгі бар. Сол себепті, аталған дерекке байланысты Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысын облыс прокуроры бақылауға алды», — деді Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Өркен Ещанов.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр