jasqazaq.kz

Ақтөбедегі балабақшада шу шықты

31 наурыз 2019, 15:55

Ата-аналар Ақтөбедегі балабақшалардың бірінде өз балаларын шығарып алып жатыр. Себебі ата-аналар балаларымызға тәрбиешілер тамақ бермей, ұрып-соғады деп отыр.

Тengrinews.kz тілшісіне ата-аналардың бірі Алина Обайдуллина екі баласының да осы балабақшаға барып жүргенін айтты. Оның сөзінше, соңғы уақытта балалары тәрбиешілердің ұратынын айтып, жиі шағымданған. Оның үстіне, балабақшада тәрбиеші тұрақты жұмыс істемейді.

Алинаның айтуынша, ай сайын жаңа тәрбиеші келеді екен. Ал осы аптада ата-аналар балаларының дұрыс тамақтанбайтынын білген.

«Сейсенбіде ата-аналардың бірі ортақ чатқа балабақшадан сурет түсіріп жіберді. Таңғы ас кезінде балаларымыздың алдында сусын мен қара нан ғана тұр. Мән-жайды түсіну үшін түске қарай балабақшаға бардым. Іште меңгеруші жоқ екен. Балалардың түскі асқа не жеп жатқанын қарадым. Тек «бірінші тағам» ғана бар екен. Екінші асқа ештеңе жоқ. Түстен кейін де тек нан мен май беретінін айтты. Ұлдарым түскі асқа ішінде картоп қана бар сорпа ішіп отырғасын, шыдай алмай, балаларымды алып кеттім», — дейді Обайдуллина.

Балабақша басшылығы тамақ алуға ақша жоқ екенін айтқан. Себебі кей ата-ана балабақша ақшасын уақытында төлемейді-мыс.

«Ата-аналардың көбі ақшаны уақытында береді. Кейбірі бермей жатыр деп барлық баланы тамақсыз қалдыруға болмайды ғой», — деп наразылығын білдірді ол.

Алина Обайдуллина екі ұлын да балабақшадан шығарып алған. Басқа ата-аналар да басқа балабақша таңдаймыз дейді.

«Балаларым үйге аш келеді. Аса мән бермей, тамақ бере қоятынмын. Өткенде ата-аналар чатынан сурет пен видео келген соң, мен де екі баламды шығарып алдым. Бірде балабақшада ұлымның температурасы көтеріліп, ауырып қалған. Барсам, іште тәрбиеші де, медбике де жоқ екен. Тек бала күтуші ғана отыр», — дейді Рита Тәңірбайқызы.

Мұндағы жанжалдан Ақтөбе қалалық білім бөлімі хабардар. «Бұл балабақшадағы жағдайдың мән-жайын білу үшін комиссия құрылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр», — деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Гүлжан Әмірова. Ол тексеріс қорытындысы алдағы аптада белгілі болатынын айтты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда