jasqazaq.kz

Ақтөбеде жұмысшылар мінген автобус аударылып, бір топ адам ауруханаға түсті (Видео)

13 қазан 2022, 16:34

Самара-Шымкент тасжолында автобус аударылып, бірнеше жұмысшы ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 09:00-де Самара-Шымкент тасжолының Хромтау қаласы маңында жол апаты болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Neoplan» маркалы автобус аударылып қалған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 22 қызметкер мен 4 техника жіберілді. Сонымен бірге апатты медициналық орталық пен полиция, жедел жәрдем қызметі барды.

«Оқиға орнына облыстық ТЖД-нің бастығы Марғұлан Аманбаев пен Өрт сөндіру қызметінің бастығы А.Қадыров кетті. Алдын ала түскен мәлімет бойынша автобус ішінде 55 адам болған. Оның 14-і жараланған», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ал Хромтау аудандық ауруханасының бас дәрігері Мақсат Серғазиннің айтуынша, автобустағы 34 адам емдеу мекемесіне жеткізілді. Оның екеуі интенсивті терапия, оны хирургия, екеуі гинекология бөлімдеріне жатқызылды. Өзгесін дәрігерлер әлі де тексеріп жатыр.

«Жарақат алған адамдарды қарап болған соң оларды үйіне жібереміз немесе бөлімдерге бөлеміз. Жолаушылар түрлі жарақат алған. Сүйегі сынған, бас-ми жарақаты тіркелді. Ем-дом жасау үшін дәрі-дәрмек бар. Қазіргі кезде өзімізде емдейміз», — деді Мақсат Серғазин.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр