jasqazaq.kz

Ақтөбеде журналист көз жұмған лифтіде ақау болған

10 мамыр 2018, 16:08

Ақтөбе қаласында журналист Айзат Әбдісамат қаза болған лифтінің ақауы неден болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, лифтінің автоматикасы істен шыққан. «Журналист қаза болған лифтте автоматика істен шыққан. Яғни, әр лифттің бірнеше қорғанысы бар. Бірі механикалық, екіншісі — автоматика. Лифт есігі ашық тұрғанда, адам саны шектен тыс болғанда жүре алмайды. Ал аталмыш жағдайда техникалық ақау болып, лифт есік жабылмастан жүріп кеткен. Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Дастан Аманов. Ақтөбе қаласында лифтте қайғылы оқиға тіркеліп, жергілікті билік арнайы комиссия құрған болатын. Лифттегі ақаудан 28 жастағы Айзат Әбдісамат көз жұмғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол жеделсатыға қызымен бірге мінген еді. Кейін оның күйеуі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде