jasqazaq.kz

Ақтөбеде жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды (видео)

18 сәуiр 2022, 13:50

Ақтөбеде №7 жолаушылар автобусы тұрғын үйлердің бірінде орналасқан смартфон жөндеу шеберханасына соғылды. Бұл туралы  «Диапазон» сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода көлік жүргізушісінің жолдан шығып кетіп, Шернияз, 33 мекенжайындағы үйге соғылғаны көрсетілген.

«Автопарк» ЖШС қызметкерлері зардап шеккендердің жоқтығын, автобус айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«18 сәуірде Шернияз-Уәлиханов көшелерінің қиылысында маршруттық автобустың қатысуымен жол апаты болды. №7 автобустың жүргізушісі соқтығысу салдарынан қозғалыс бағытын өзгертіп, дүкен ғимаратын соққан», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер автобуста жолаушылар болмағанын айтты. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр