
Самара-Шымкент тасжолында жол-көлік апаты болып, бір жолаушы мерт болды. Бір адам ауруханаға жеткізілді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Бүгін сағат 6:00-де «Самара-Шымкент» тасжолының Ырғыз ауданы маңында «Тойота Эстима» маркалы көлігі аударылып қалды. Көліктегі барлығы 8 адам болды.
«Бішкектен Ресейге бағыт алған көлік ішінде 7 қырғызстандық, бір ресейлік азамат болған. Жол апаты кезінде 40 жастағы бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Біреуі ауруханаға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Сот алды тергеу жұмысы басталды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.