jasqazaq.kz

Ақтөбеде жеке жағажайда 17 жастағы жігіт суға батып кетті

02 тамыз 2022, 17:31

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында 17 жастағы жігіт суға кетті. Оның денесін құтқарушылар жағаға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа.

Оқиға 1 тамыз күні сағат 17:30-да болды. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік бөліміне «Ақкемер» жеке жағажайында жігіттің суға кеткені туралы хабарлама түсті.

«Елек өзеніне 17 жастағы жігіт батып кетті. Құтқарушылар оның денесін үш метр тереңдіктен тауып алды. Сонымен бірге жеке жағажай құтқарушылары 18 жастағы жігітті құтқарған. Облыстық ТЖД суға түсу ережесін қатаң сақтауға тағы да шақырады», — деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 20 адам суға кетті. Оның 9-ы бала.

Еске салсақ, бірер күн бұрын Ақтөбеде үш адам суға кетті. Оның екеуі бір отбасының екі баласы. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жастағы жігіт қауіпті, шомылуға тыйым салынған жерге суға түскен. Оның денесі жағадан 10 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен табылды. Сонымен бірге Заречный-1 тұрғын алабындағы көпір маңында 2009 және 2011 жылы туған екі бала суға кетті. Олардың денесі табылды. Екеуі де бір отбасының баласы. Бұл жер – суға түсуге тыйым салынған аумақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде