jasqazaq.kz

Ақтөбеде жасөспірім көршінің жеті жасар баласын зорлап тастаған

07 тамыз 2018, 17:38

Жантүршігерлік жағдай Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында тіркелген. Оқиғаның қалай болғанын NUR.KZ порталына зардап шегуші бүлдіршіннің әпкесі айтып берді.

«Ініме азғындық жасаған бала келесі көшеде көрші тұрады. 7 жастағы інімді үйіне кіргізіп алып қорқытқан. Үлкен ағам сол үйге барғанда сыртта інімнің аяқ киімі жатқанын көреді.
Бірақ ол үйінде ешкімнің жоқ екенін айтқан. Ал інімнен сұрағанда көрші бұған шоколад алып беремін деп 350 теңге беріпті. Үйде компьютер ойнаймыз деп шақырған.

Ағам бармағанда үйінде зорлағысы келген екен. Кейін жағдай өзен жағасында қайталанған. Оны көрген куәгерлер бар.

Бізге азғындықтың жасалғанын ойнап жүрген балалар мен көршілер айтып келді. Сол кезде полиция шақырдық. Бұл бірінші рет болып тұрған жағдай емес пе деп қорқамыз», -дейді зардап шеккен 7 жасар баланың апасы.
Зардап шегуші тарап оқиғаның 16 шілдеде болғанына қарамастан күдіктінің қамауға алынбағанына алаңдап отыр.

«16 жастағы бала қазір үйінде жүр. Оны әлі қамауға алған жоқ. Мамасы баласын өзімен бірге жұмысқа алып кетеді. Баланың шешесінің күйеуі бұрын полицияда жасаған дегенді естідік. Енді істі жауып тастай ма деп қорқып отырмыз. Көршілердің бәрі ол баланың үстінен арыз жазып жатыр. Бәрі де кішкентай балалары үшін алаңдап қорқады», — дейді апасы.
Көршілердің айтуынша, күдікті жасөспірім ата-әжесі, анасы және оның азаматтық некедегі жолдасымен бірге тұрады.

Оқиғаға қатысты ІІД-нің мамандары әзірге тектергеу жұмыстарының жүріп жатқанын хабарлайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде