
Ақтөбе қаласында орталық стадионда («Ақтөбе» — «Ертіс») болған ойын кезінде 9 жанкүйер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға әкімшілік айыппұл салынды, — деп хабарлайды «Ақтөбе жаңалықтары». Ойынның 63-ші минутында «Ертіс» сапында өнер көрсетіп жүрген Марко Станоевия алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты. Кездесуге бес минут қалаған Абат Аймбетов есепті теңестіріп кетті. Осылайша «Ақтөбе» — «Ертіс» ойыны 1:1 есебімен аяқталған болатын. Ал ойын кезінде жанкүйерлер ереже бұзып, полиция оларды бөлімшеге алып кетті. «Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.