jasqazaq.kz

Ақтөбеде жалған фирмалар арқылы қаржы жымқырғандар сотталды

02 ақпан 2021, 10:58

Ақтөбеде жалған фирмалар арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырғандар бас бостандығынан айырылды.

Екі жыл бойы нақты жұмыс істемеген, тауар жеткізбестен жалған шот-фактуралар жазып берген бір топ адам қылмыстық жауапқа тартылды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы екі ақтөбелік бірнеше кәсіпорын құрып, заңды тұлғаны тіркеу процедураларынан өтіп, екінші деңгейлі банктерде есепшоттар ашқан. Кейін өз атына тіркеген. Содан кейін олар өздерінің жалған фирмалар арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыратын контрагенттерді іздеумен айналысқан.

«Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 492,6 млн теңгені құрайды және қазіргі уақытта өтелді. Тергеу барысында арнайы құрылған ЖШС-нің банктік шоттарындағы 7,3 млн теңге сомасындағы қаржыға тыйым салынды. Ақтөбе қаласының №2 соты қылмыс жасағандарды шартты түрде 3 жыл және алты айға соттады», — деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде