jasqazaq.kz

Ақтөбеде заңсыз балық сатқан полицейлер сотталмақ

05 қазан 2017, 15:25

 Ақтөбеде іздеу жарияланған полиция қызметкері Марат Баевқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, сотқа жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 42 жастағы Марат Баев туралы кез келген ақпаратқа сыйақы тағайындаған болатын.

Ал бүгін Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев істің сотқа жіберілгенін хабарлады. «Өкілеттілігін асыра пайдаланған Ақтөбе облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының 5 қызметкеріне «заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтап, қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша бопсалап, тәркілеген өнімді басқа адамдарға сатып жіберді» деген айып тағылды. Айыпталушылар арасында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары, екі бөлім бастығы мен бірнеше полиция қызметкері бар. Күдіктілердің үшеуі уақытша тергеу изоляторында отыр, біреуі үйқамақта. Біреуі тергеу кезінде қашып кетіп, іздеу жарияланды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті хабарлады»,- деді Ақтөбе облысы прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық