jasqazaq.kz

Ақтөбеде ұялы телефон салонына қарақшылық шабуыл жасалды

18 маусым 2019, 17:16

Ақтөбеде екі адам ұялы телефон салонына қарақшылық шабуыл жасады.

Бүгін сағат 09:20-да Ақтөбе қаласының Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан ұялы телефон дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз екі адамның бірі медициналық бетперде киіп, екіншісі бас киіммен жүрген. Біреуі пышақпен, екіншісі тапаншаға ұқсас қарумен келіп, дүкен қызметкерлерін қорқытып, ұялы телефондарды алып кеткен.

«Тәртіп сақшылары оқиға орнына дереу жұмылдырылды. Алынған бағыттамаға сай жедел іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жүрген жері анықталды. Екі сағат ішінде «Мәдение» сауда үйі маңындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан «Датсун» маркалы авткөлігі тоқтатылды. Көлікте 20 және 22 жас шамасындағы екі жігіт болды. Көліктің жүк салғышынан 43 дана IРhone маркалы ұялы телефон тәркіленді. Сонымен қатар, газ тапаншасы мен пышақ табылды. Күдіктілер қамауға алынды», — деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-ші, яғни «Тонау» бабымен сот алды тергеу амалдары басталды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде