jasqazaq.kz

Ақтөбеде үш оқушы қыздың төбелесі (видео)

22 қыркүйек 2020, 12:30

Полиция бұл факт бойынша тексеру басталғанын айтты.

Ақтөбе облысында тоғызыншы сыныптың үш оқушы қызы төбелесті. Полиция тексеруді бастады. Ал желіде құқық бұзушылардың бірі таяқ жеген қыздан кешірім сұраған видеосы тарауда.

— Шашыңнан тартқан шығармын. Аяғына бірдеңе тығып алған шығармын. Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Ашумен адам не істемейді. Мұны кез-келген адам ашумен жасай алады. Кешіріңіз. Мен бәріне кінәлімін, бәріне мен жауаптымын. Бұл қыздар айналада жүрген, олардың бұған қатысы жоқ, — дейді орамалдағы қыз видеода жылап.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушы қыздар арасындағы төбелестің видеосы пайда болған. Жанжал Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарши ауылында болды. Видеода екі қыз бір-бірінің жағасын ұстап тұр, сөзбен шүйліккен екеудің бірі екіншісінің шашынан ұстап, жер сүйрете сүйрейді. Екінші видеода жеңілген қызды үшінші қыз тізесімен келіп басады.

Полиция бұл факт бойынша тексеру басталғанын айтты. Олардың айтуынша, қыздар дүрдараздықтың салдарынан сыныптасын ұрып-соққан және болған жағдайдың барлығын телефонға түсірген.

https://www.instagram.com/p/CFZ88GPlVru/?utm_source=ig_web_copy_link

zakon.kz

 

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде