jasqazaq.kz

Ақтөбеде үш адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

15 қазан 2020, 13:08

Ақтөбеде профилактикалық мақсатта ПТР тапсырғандардан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Өткен тәулікте Ақтөбеде 3 адамнан COVID-19 анықталды. Оның біреуінің клиникалық симптомы бар, екеуі симптомсыз. 32 және 44 жастағы екі ер адам да — Ақтөбе қаласының тұрғыны. Олар профилактикалық мақсатта тексерілді. ПТР қорытындысы кезінде COVID-19 диагнозы қойылған.

«33 жастағы ер адам жедел респираторлы вирустық инфекция симптомдарымен дәрігер көмегіне жүгініп, одан сынама алынды. Тексерілген кезде қауіпті індетке шалдыққаны анықталды. Қазіргі таңда үй карантиніне 37 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілді», — деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыста КВИ-мен ауырған 3261 жағдай тіркелді. Оның ішінде 98,4% жазылып шықты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде