jasqazaq.kz

Ақтөбеде ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан

22 қантар 2021, 13:07

Ақтөбеде үйге түскен ұры екі мүгедек зейнеткерді көсеумен ұрып-соққан.

17 қаңтарға қараған түні белгісіз ер адам бөтеннің терезесінен үйге кіріп, қолындағы көсеумен ІІ-топтағы мүгедек 72 жастағы зейнеткерді және оның І-топтағы мүгедек әйелін ұрып, денсаулыққа зиян келтірген. Сөйткен ол қарттардың 20 000 теңге көлеміндегі бар ақшасын алып, оқиға орнынан қашып кетті, — деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті ұрланған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қалалық уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде