jasqazaq.kz

Ақтөбеде үйсіз-күйсіз жүргендер 800 млн теңге айналымы бар компанияның басшысы болып шықты

09 маусым 2022, 15:43

Ақтөбеде үйсіз-күйсіз жүргендер 800 миллион теңге айналымы бар компанияның директоры мен құрылтайшысы болып шықты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қаласындағы Алматы ауданының прокуратурасы қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығында бұзушылықтарды анықтады. Орталықта тұратын 14 адам кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлары мен құрылтайшылары ретінде тіркелді.

«Арнайы сұрақ қойып, «бизнес иелерін» тексеру барысында аталмыш компанияларға еш қатысы жоқ екендерін айтты. Олардың үшеуі – 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Сонымен қатар оларға тиесілі «бизнестің» айналымы 2021 жылдан бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін 800 миллион теңгені құраған», – деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

​Талдау нәтижелері бойынша салық органдарына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, ал материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде