jasqazaq.kz

Ақтөбеде түн ортасында баласын ұмытып кеткен ана табылды

11 тамыз 2022, 14:31


Ақтөбе қаласының тұрғыны көшедегі орындықтан бес айлық баланы тауып алды. Оны анасы ұмытып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін түнгі сағат 1:00 шамасында Ақтөбе қаласындағы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын хабарласып, бес айлық бала көтеріп әкелді. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны тұрғын қаладағы 8-наурыз көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тауып алған. Бала орындықта жылап жатқан.

«Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, сәбиді «Үміт» балалар үйіне орналастырды. Арада бір сағатқа жуық уақыт өткен соң полицияға 1997 жылы туған анасы телефон шалып, баласының жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тіркеп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ. Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарайды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде