jasqazaq.kz

Ақтөбеде төрт тәуліктен бері қоқыс полигоны бықсып жатыр

11 тамыз 2022, 16:30

Ақтөбеде 7 тамызда қоқыс полигоны жанып, қазіргі кезде алаң әлі бықсып жатыр. Мұнда өрт сөндірушілермен қатар, полигон қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

7 тамыз күні сағат 18:35-те Ақтөбе қалалық қоқыс полигонында өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама түседі. Сол кезде оқиға орнына облыстық ТЖД-ден 6 қызметкер мен екі техника жіберілді. Сонымен бірге, қоқыс полигонына жауапты серіктестік қызметкерлері де жұмылдырылды. Алғашқы күні мың шаршы метр жер өртінді.

«Бүгінде қоқыс полигонындағы тұрмыстық қатты қалдық әлі бықсып жатыр. Әлі де 3 техника мен 14 сөндіруші жұмыс істеп жүр. Ал, серіктестік 10 адам мен 10 техника бөлді. Ешкім өртеп, жаққан жоқ деп есептейміз. Күн ыстық, әйнек күнге шағылысып, от тұтанған болуы мүмкін», — деді Ақтөбе қаласы Астана ауданы ТЖБ бастығы Данарбек Иманғазин.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық қоқыс полигонында 10 жану дерегі тіркелді. Қоқыс полигонына жауапты «Табыс Ақтөбе» ЖШС-не 10 хаттама толтырылып, әкімшілік жауапқа тартылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде