jasqazaq.kz

Ақтөбеде тісін емдеткен 61 адам гепатит жұқтырды

14 қыркүйек 2022, 15:57


Ақтөбеде биыл тіс дәрігеріне қаралып, ем қабылдаған 61 адам В гепатитін жұқтырды. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл Ақтөбе облысында созылмалы В гепатитінің 88 жағдайы анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 1,5 есе көп.

«Тіс дәрігерінің тексеруінен кейін 61 адам В гепатитін жұқтырған. Сондай-ақ, сұлулық салондары мен шаштараздарға барған адамдардан инфекция анықталды.

В гепатиті вирусы – бауырдың зақымдануынан болатын жұқпалы ауру. Көбіне тері сарғайып, метаболизмнің бұзылуы кезінде анық көрінеді. Уақыт өте келе бұл созылмалы гепатит пен бауыр циррозына әкелуі мүмкін. Инфекция көзі – науқас адам және созылмалы тасымалдаушылар. Көбіне қан арқылы, қайта пайдалануға болатын құралдарды қолданғанда жұғады. Қазіргі кезде сұлулық салондары немесе шаштараздарда жиі кездеседі. Оларда зарарсыздандыру режимі бұзылғаннан», — деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық