
Ақтөбелік әйел тісін емдетемін деп ауруханадан бір-ақ шықты. Тіс дәрігерінің алдында отырған сәтте әйел анафилактикалық шок алған. Енді емхана зардап шеккен әйелге 95 мың теңге өтемақы төлейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан емханалардың бірінде тіс дәрігері емделушіге ауыруды басатын «Артикаин» препаратын еккен. Одан кейін әйелдің басы айналып, есінен танып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем әйелдің анафилактикалық шок алғанын мәлімдеген.
Оқиғадан кейін ол тіс емханасын сотқа беріп, моралдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге талап етті. Науқас тісін емдете алмады, оған қоса 3 күн ауруханада жатты.
Сот дәрігердің аллергиялық реакцияға тексермегенін анықтады. Емхананың жұмысынан өзге де қателіктер анықталған. Сот ісі кезінде дәрігерді жұмыстан шығарып үлгерген.
Ал арызданушының өтінішін сот жартылай қанағаттандырды. Емхана оған 50 мың теңге көлемінде моральдық және 45 мың теңге көлемінде материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.