jasqazaq.kz

Ақтөбеде тергеуші 4 жылға сотталды

21 маусым 2019, 15:40

Ақтөбелік тергеуші Аслан Сағандықов алаяқтығы үшін сотталып, жәбірленушіге 850 мың теңге материалдық шығынды төлейтін болды.

Елек ішкі істер бөлімінде аға тергеуші болып жұмыс істеген Аслан Сағандықов Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпты деп танылды. «Аслан Сағандықов кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді», — деді судья Айнұр Бекмұхамбетова. Сонымен қатар, сотташулы А.Сағандықов жәбірленушіге 850 мың теңге, сот шығындары үшін 1 миллион теңгеден астам төлеуі тиіс. Іс материалына сүйенсек, аға тергеуші Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша істі қарап, сотқа жеткізген. Сол аралықта тергеуші айыпталушы тараптан сараптама жасату үшін заңсыз 1 миллион теңге ақша сұраған. Баласының кінәсіз екенін дәлелдемек болған Сазонов сұрағанын беріп, кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына шағымданады. «Сот үкімі әділ емес, заңсыз деп есептеймін», — деді сотталушы Аслан Сағандықов.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді