jasqazaq.kz

Ақтөбеде таныстарын бопсалаған жігіт сотталды

08 қараша 2019, 10:40

Ақтөбе қалалық №2 сотта 31 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз таныстарын қорқытып, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады.

Басылымның мәліметінше, сотталушы Қанат Мақсатов таныстарына жеңіл көлікті уақытша пайдалану үшін берген. Көлік жөндеу орталығында тұрған машина белгісіз жағдайда жоғалып кетіп, оның шығынын жәбірленуді Олжас Жалғасов өтеген. Іс материалына сүйенсек, жоғалған көлік үшін ол 1,8 миллион теңгеден аса ақшаны қолма-қол санап берген. «Кейін сотталушы Қанат тағы 1,5 миллион теңге сұраған. Және әр тәулік үшін 70 000 теңге көлемінде пайыз қосатыны туралы мәлімдеген. Жәбірленуші О.Жалғасов отбасының амандығын ойлап, болған жайтты полицияға хабарлайды. Соңында сотталушы барлығы 5,3 миллион теңге сұрап, 4 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды», — деп жазылған сот материалында. Сот үкімімен Қанат Мақсатов 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда