jasqazaq.kz

Ақтөбеде тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай ұсталды

03 желтоқсан 2021, 9:44

Ақтөбе облысының аумағында «ЅТОР трафик» алдын алу шарасы өтті. Онда 3 жеңгетай мен жыныстық қарым-қатынас ұсынған 15 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді, жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша, сауна мен қонақ үйлерді тексерді. Сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану, ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстарын ашу мақсатында шаруа қожалықтары мен құрылыс нысандарын аралап шықты. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарға тиіскен 63 деректі тіркеді. Үш дерек негізінде Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» және бір дерек негізінде «Адам саудасы» бабы бойынша іс қозғалды.

«Жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар берудің үш дерегі анықталды. Сонымен қатар тәнін саудалаған 15 әйел мен үш жеңгетай анықталып, есепке алынды», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық