jasqazaq.kz

Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы қымбаттады

11 желтоқсан 2019, 15:43

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі уақытта сұйытылған газ құю бекеттерінде баға көтерілді.

Ақтөбе облысында ай сайын 9 мың тонна сұйытылған отын алуға рұқсат бар. Ал негізгі сұраныс 11-12 мың тоннаға жеткен. Әлеуметтік сұйытылған отын лимиті таусылған кезде газ биржадан алынады. Биржадаға баға қымбат, сәйкесінше газ құю бекеттерінде баға көтеріліп, талон тәртібі енгізіліп жатыр. «Тұтынушылардан шағым түсті. Газ талонмен сатылған және баға көтерілген. Сонымен қатар газ жеткізушілер жекелеген жанар-жағармай құю бекеттеріне басымдық беріп, кейбірімен келісімшартқа қол қоюдан бас тартып отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті заң талаптарының бұзылғанын анықтап, компанияларға хабарлама жіберді. Хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде қателіктерді жою міндеттеледі. Егер хабарлама орындалмаған жағдайда, субъектіге қатысты тергеу тағайындалатын болады», — деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Хайдар Ермашев. Қазір облыста 150-ге жуық газ толтыру станциясы бар. Газдың бөлшек саудадағы бағасы 55-70 теңге аралығында болып тұр. Мемлекеттен бөлінетін арзандатылған әлеуметтік мұнай газының бағасы 1 тоннаға 43 345 теңгені құрайды. Департамент газ құю бекеттері мұнай газының бөлшек саудадағы бағасын зерттеп, кейбір газ толтыру бекеттеріндегі талонмен сатуды қаншалықты заңды екенін анықтайды.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда